2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды: Тоқаев жарлыққа қол қойды
- Толығырақ
- Құрылды Сейсенбі, 06 Қаңтар 2026 17:53
- Қаралды: 10
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған шешім елдің цифрлық трансформациясын жеделдетуге, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге және заманауи, бәсекеге қабілетті цифрлық экономиканы қалыптастыруға бағытталған.
Жарлыққа сәйкес, 2026 жыл ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Қазақстан Республикасының Үкіметіне қойылған міндеттерді іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды, ал Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Толығырақ...

