Педагог - ассистент бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 
  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
  1. Педагог-ассистент бос лауазымына конкурс жарияланады - 3 ставка.   

Міндеттері:  психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады; балалардағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын жасауға қатысады; ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсетеді білім беру ұйымдарында және т. б. әзірлеуге және орындауға қатысады (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес).

Оқу жүктемесі:   3 ставка.

Лауазымдық жалақы  – еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 130000 теңгеден бастап.

  1. Біліктілік талаптары:

- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім жұмыс стажына талаптар қойылмайды.

 

  1. Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 08 тамыздан бастап 18 тамызға дейін жүзеге асырылады

 

  1. Электрондық немесе қағаз түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:

 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

 4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат  (бар болса).

 

   Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде HR-nobd мұғалімдерін қабылдау жөніндегі Сайтта техникалық жұмыстарға байланысты келесі құжаттарды тек қағаз түрінде жібереді.

             Отсутствие одного из документов, указанных выше, является основанием для возврата документов кандидату.

 

 

 

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика