Білім беру ұйымы басшысының (директорының) (негізгі орта, жалпы орта) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 02 Ақпан 2026 00:00
- Қаралды: 11
1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-сі, Қостанай қаласы, 8 шағын аудан, 20 үй. Тел. 8(7142)22-05-77, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
2. Білім беру ұйымы басшысының (директорының) (негізгі орта, жалпы орта) тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының бос лауазымына конкурс жарияланады.
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды жүзеге асырады. ТЖ ұйымдастыру бойынша жоспарлар мен іс-шараларды әзірлеуді, кәсіптік бағдарлау жұмысын ағымдағы және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етеді. Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің, кітапханашылардың, ҚББ педагогтарының қызметін үйлестіреді. Тәрбие жұмысына талдау жүргізеді.
ТЖ бойынша әдістемелік құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады, ТЖ мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді. Патриотизмді, азаматтықты, интернационализмді, жоғары сана мен адамгершілікті қалыптастыру, білім алушылардың жан-жақты мүдделері мен қабілеттерін дамыту жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады, оқу-материалдық базаны нығайту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
Тәрбие процесін қамтамасыз ететін әкімшілік, қызмет және білім беру ұйымы өкілдерінің қоғам және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар комитеттерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді. Тәрбие жұмысының нәтижелері туралы есепті және т.б. ұсынады (ҚР БҒМ 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес).
Жүктемесі: 1 мөлшерлеме.
Лауазымдық жалақы мөлшері: еңбек өтіліне және бар санатына байланысты 160 000 теңгеден бастап
3. Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог – сарапшы» немесе «педагог – зерттеуші» немесе «педагог – шебер» біліктілігінің болуы.
4. Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 02 ақпаннан бастап 11 ақпанға дейін жүзеге асырылады.
5. Электрондық түрінде жіберілетін құжаттардың тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат (бар болса).
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды https://hr.nobd.edu.kz/ портал арқылы жібереді.
Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
