Дене шынықтыру мұғалімдерінің ӘБ
- Толығырақ
- Құрылды Жұма, 27 Қараша 2020 18:21
- Жаңартылды Бейсенбі, 22 Қаңтар 2026 12:33
- Қаралды: 1759
Дене шынықтыру мұғалімдерінің Әдістемелік бірлестігі
Әдістемелік бірлестігінің тақырыбы: Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жағдайында дене шынықтыруды оқытуда оқыту нысандарын таңдаудың негізділігі
Әдістемелік бірлестігінің мақсаты: Білікті, бәсекеге қабілетті, шығармашылық ойлайтын, педагогикалық инновацияларға ұмтылатын, заманауи, қарқынды өзгеретін әлемде тұлғаны тәрбиелеуге қабілетті мұғалімді қалыптастыру.
Әдістемелік бірлестігінің міндеттері:
- мектеп педагогтерінің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жағдайында педагог кадрларды даярлауды және олардың жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету;
- пән бойынша білімдерін толықтыру және тереңдету, ғылым мен техниканың және іскерлік коммуникацияның соңғы жетістіктерін игеру;
- басқару тетіктерін жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу, мекемені басқаруда әкімшілік-қоғамдық серіктестік жүйесін қалыптастыру;
- мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде қызметтің негізгі бағыттары бойынша электрондық статистикалық банк құру және оны мектеп педагог қызметкерлерінің пайдалануына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту үшін жағдай жасау;
- негізгі орта білім беру деңгейінде білім алушыларды бейіналды даярлау жүйесін құру;
- жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді білім беру мазмұнын жетілдіру;
- мектепте инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;
- мекеменің тәрбие жүйесін дамыту бойынша шаралар кешенін іске асыру (бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру, білім алушылардың негізгі құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған мазмұнды, формалар мен әдістерді жаңарту);
- білім алушыларда белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру үшін жағдай жасау.



