«QAZGUU ENGLISH JUNIOR OLYMPIAD 2025»

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

«QAZGUU ENGLISH JUNIOR OLYMPIAD 2025»

4 «Е» сыныбының оқушысы Кульмухамедова Ясмина ағылшын тілі пәні мұғалімі Бауэр Анастасия Владимировнаның жетекшілігімен 3–4 сынып оқушыларына арналған ағылшын тілі бойынша қалалық «QAZGUU ENGLISH JUNIOR OLYMPIAD 2025» олимпиадасына қатысты.

Олимпиада барысында Ясмина бірінші кезең — тестілеуден, сондай-ақ екінші кезеңнен сәтті өтіп, «My Dream Business» тақырыбында жобасын қорғады. Ол өз сөзінде тілдік білімін, шығармашылық ойлау қабілетін және ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын көрсете білді.

Олимпиада қорытындысы бойынша оқушы қатысушыларды марапаттау рәсіміне қатысты. Осындай білім сайыстарына қатысу оқу мотивациясын арттыруға, өзіне деген сенімділікті қалыптастыруға және ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты дамытуға ықпал етеді.

Ясминамен мақтанамыз және алдағы уақытта толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

«QAZGUU ENGLISH JUNIOR OLYMPIAD 2025»

Add comment

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын қорлауға, ар-намыс пен абыройды қорлауға, ұлтаралық араздықты қоздыруға, ұятсыз сөздерді қолдануға және түсініктемелер жариялауға тыйым салынады.

Security code
Refresh

Яндекс.Метрика