Болашақ педагогикасы бүгіннен басталады!
- Толығырақ
- Құрылды Сенбі, 31 Қаңтар 2026 22:37
- Қаралды: 23
Ағарту ісінің үздігі С. М. Маяцкийдің естелігіне арналған жыл сайынғы Ғылым және спорт күні аясында 2026 жылғы 31 қаңтарда ҚММ «№19 жалпы білім беретін мектепте» «Болашақ педагогикасы: жасанды интеллект және білім беру инновациялары» тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға мектебіміздің педагогтері Ростовцева А.В. және Хозеева А.С. белсенді қатысып, өз баяндамаларын ұсынды. Баяндамаларда:
-
білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері;
-
заманауи білім беру инновациялары;
-
болашақ педагогиканың даму перспективалары қарастырылды.
Конференция қорытындысы бойынша Арина Степановна III дәрежелі дипломмен марапатталды!
Мұндай іс-шараларға қатысу педагогтердің кәсіби өсуіне, тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізуге ықпал етеді.
Ұстаздарымызды мақтан тұтамыз және білім беруді дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!

_150x113-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)