«The Power of the English Language: Express, Inspire, Connect!» шетел тілдері апталығы
- Толығырақ
- Құрылды Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2026 22:05
- Қаралды: 23
Бүгін «The Power of the English Language: Express, Inspire, Connect!» ұранымен Шетел тілдері апталығының ресми ашылуы өтті!
26 қаңтар күні ерекше атмосфераға толы болды: мектеп холында әуезді әрі көңілді ағылшын әуендері шырқалып, баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ағылшын тілді мәдениет әлеміне жетеледі.
Кенжетаева А.Б., Серикбаева А.Т. мұғалімдері және 7 «Ж» сыныбының оқушылары жүрекжарды тілектер жазылған ашық хаттар мен тәттілер дайындап, оларды сүйікті ұстаздарымызға, дарынды оқушыларымызға және мектептің барлық қызметкерлеріне тарту етті. Бұл игі іс арқылы олар жылулық, позитив пен шабыт сыйлады.
Сондай-ақ сіздерді мектеп кітапханашысы Якупова Т.Т. және мұғалімдер Иманова Г.С., Жанахметова М.М. дайындаған «In the World of English Literature» атты кітап көрмесімен танысуға шақырамыз. Мұнда әлем әдебиетінің жауһарлары — классикалық туындылардан бастап заманауи авторлардың еңбектеріне дейін ұсынылған.
Сіз Уильям Шекспир, Чарльз Диккенс, Мэри Шелли, Герберт Уэллс, Шарлотта мен Эмили Бронте, Редьярд Киплинг, Льюис Кэрролл, Агата Кристи, Дж.Р.Р. Толкиен және басқа да көптеген ұлы қаламгерлердің қиялға толы әлеміне саяхат жасай аласыз.
Апта мазмұнды да қызықты өтпек! Жаңалықтарымызды қадағалаңыз, іс-шараларға белсене қатысыңыз және ағылшын тілінің жаңа қырларын ашыңыз!

_175x131-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)
_350x263-equal.jpg)