Қаржылық қауіпсіздік: "Жеңіл ақша - ауыр зардаптар" бейне оқулығы
- Толығырақ
- Құрылды Сәрсенбі, 25 Маусым 2025 12:33
- Қаралды: 8
Бүгін бейіндік алаңдардың жұмысы аясында оқушылармен "Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік"тақырыбында сабақтар өткізілді.
"Жеңіл ақша - ауыр зардаптар" бейне сабағының мазмұны білім алушыларда қаржылық сауаттылық және қаржылық қауіпсіздіктің негізгі ережелері туралы базалық түсініктерді қалыптастыруға бағытталған.
Күн сайын әрқайсымыз қаржыға байланысты шешімдер қабылдаймыз және біздің әл-ауқатымыз қандай шешім қабылдайтынымызға байланысты.
Күнделікті өмірде қаржылық мәселелермен айналысқан кезде бізді әртүрлі қауіптер күтіп тұр.
Біздің қаржылық қауіпсіздігіміз білімге, дағдыларға және қабылданған шешімдерге байланысты.
Қаржылық сауатты болу керек.